28.04.2020, 12:53
Қараулар: 207
БАРЛЫҚ АДАМ ЗАҢ АЛДЫНДА БІРДЕЙ

БАРЛЫҚ АДАМ ЗАҢ АЛДЫНДА БІРДЕЙ

Елімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Заң талаптарының аясында жемқорлыққа қарсы іс –әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді. Дегенмен бұл мәселеде нәтижеге қол жеткізу үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

Жасырататыны жоқ, мемлеткеттік қызметшілердің осынау құқықбұзушылыққа баруына кей жағдайларда ең алдымен білім деңгейінің, әдептілік ұстанысының төмен болуы әсер етіп жатады. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқықбұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі немесе жеке басының қамын ойлауы да жегіқұрттың қоғамға дендеп енуіне түрткі болмай тұрмайды.

Осы ретте полиция бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң аясында тиісті іс –шаралар ұдайы ұйымдастырылып келеді. Атап айтқанда, жыл бойы онымен күрес бағдарламасын іске асыру жөнінде бірқатар дөңгелек үстелдер мен семинар сабақтары өткізіледі. Сондай – ақ полиция бөлімінің күнделікті жұмыс алдында қызметкерлермен нұсқаулық жүргізіліп, әр қайсысымен профилактикалық әңгіме өткізіледі.

Сонымен қатар әрбір қызметкері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын бұзуға жол бермеу үшін жауапкершілік туралы ескертіліп, ҚР «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің» нормалары бойынша және басқа да заңдарды білуі талап етіледі. Қызметкерлерге қатысты тұрақты түрде талдау жасалады.

Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң алдында тең. Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде күрес жүргізуі, яғни жемқорлықпен күресу – жалпыға ортақ міндет. Өткені бұл қоғам дамуына үлкен кедергі келтіретін құбылыс. Сондықтан әлем мемлекеттері жемқорлықпен күресудің өзіне тән ерекшеліктері бар тәсілдерін тиісті заңнамаларымен бекіткен. Әлемдік қауымдастықтың бір мүшесі ретінде Қазақстан да бұл мәселеде өзіндік моделін қалыптастырып келеді десек қателеспейміз.

 

 

 

Эрик Чигирев,

                         Теректі АПб бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар