26.03.2020, 10:36
Қараулар: 494
Фитосанитарлық есепке алуды жүргізу және фитосанитарлық есептітілікті табыс ету

Фитосанитарлық есепке алуды жүргізу және фитосанитарлық есептітілікті табыс ету

Қазақстан Республикасы «Өсімдіктерді қорғау туралы» заңдылыққа сәйкес, қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету мақсатында қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiмен байланысты жеке және заңды тұлғалар өз аумақтарында фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзуге және зиянды организмдердiң зиян тигiзудiң экономиялық шегiнен көп дамуы мен таралуына жол бермеуге міндетті.

Мемлекеттiк фитосанитарлық бақылауға жататын объектiлер — зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң тiршiлiк ететiн орындары болып табылатын ауыл шаруашылығына арналған объектiлер, автомобиль жолдарының, темiр жолдардың бөлiнген белдеулерi мен күзет аймақтары және өзге де аумақтар, сондай-ақ өсiмдiктен алынатын өнiм, зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдер, фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзу үшiн пайдаланылатын арнаулы техника мен пестицидтер (улы химикаттар), арнаулы сақтау орындары (көмiндiлер) болып табылады.

               Маңызды фитосанитарлық іс – шаралардың біреуі — фитосанитариялық есепке алуды жүргiзу және фитосанитариялық есептiлiктi уәкілетті органға тапсыруы болып табылады.

Фитосанитариялық есептiлiктiң түрлерi, нысандары және оларды табыс ету мерзiмдерi уәкiлеттi органмен — ҚР АШМ АӨК Мемлекеттік инспекция Комитетімен айқындалады.

               Кәзіргі таңда фиосанитарлық есеп 8 нысанынан тұрады: пестицидтерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есеп – есептіқ кезеңі жартыжылдық; пестицидтердің қозғалысы туралы есеп — есептік кезеңі жартыжылдық; пестицидтерді сақтау туралы есеп – есептіқ кезең жартыжылдық; бүріккіш және дәрілегіш техниканың бар-жоғы туралы есеп — есептіқ кезең жылдық; химиялық өңдеулер жүргізу туралы есеп – есептіқ кезең айлық , химиялық өңдеу жөніндегі қызметтер көрсету туралы есеп — есептіқ кезең айлық; тыйым салынған және жарамсыз пестицидтерді және олардан босаған ыдыстарды залалсыздандыру жөніндегі есеп — есептіқ кезең жылдық; қоймалық үй-жайлардың бар-жоғы туралы есеп — есептіқ кезең жылдық. Осы көрсетілген есептер ҚР Ауыл шаруашылығы Министрінің «Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-02/584 бұйрығына сәйкес Теректі аудандық аумақтық инспекциясына ұсынылады (электрондык мекенжайы nugmanov.m@minagri.gov.kz; terekti_rti@mail.ru; тел/факс. 8(711) 32 23329 ).

Есептердің ұсыну мерзімдері: есептік кезең жылдық есептер –жыл сайын, 20 қаңтарға дейін ұсынылады; есептік кезең жартыжылдық – жылына екі рет, бір рет 20 шілдеге дейін және бір рет 20 қаңтарға дейін ұсынылады; есептік кезең айлық – ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, әр айдың 20-сына дейін.

               Аудандағы ауыл шаруашылық құрлымдарының басшыларының көпшілігі фитосанитарлық есептілікті тапсыруына жауапкершілікпен қарайды. Бірақ фитосанитариялық есепке алуды жүргiзу және фитосанитариялық есептiлiктi табыс етуіне назар аудармай, есептілікті тапсырмай жүрген шаруашылық құрлымдары бар. Сондықтан фитосанитариялық есептiлiктi ұсынбау, сол сияқты уақтылы ұсынбау бойынша —  Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік қаралған. Осыған байланысты, ауыл шаруашылық құрлымдары басшыларын «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңының талаптарын сақтап, фитосанитариялық есепке алуды жүргiзу және фитосанитариялық есептiлiктi табыс етуіне аса қөңіл бөліп жауапкершілікпен қарауды сұраймыз.

 

М. Нугманов

ҚР АШМ АӨК МИК Теректі аудандық

               аумақтық инспекциясының өсімдіктерді

            қорғау жөніндегі мем.инспекторы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар