12.03.2020, 11:10
Қараулар: 310
«Ақжайық полиция аруы» байқауы өтті

«Ақжайық полиция аруы» байқауы өтті

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде «Ақжайық полиция аруы» байқауы өткен болатын.

Сайысқа облыс бойынша 11 үміткер қатысып, бақ сынады. «Ақжайық полиция аруы» атанғысы келген қатысушылар «Өзі өзі таныстыру», «Мерген ару»(9 мм МТ ату), «Ұлттық киім үлгісін көрсету» (киген киімі туралы түсіндіру), «Білімді мыңды жығады» (сұрақтарға жауап беру), «Көне, сирек қолданылатын ұлттық тағам дайындау» бөлімдерінде өнерлерін, білім мен тәжіриебелерін көрсетті.

Теректі ауданының намысын қорғаған полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы, полиция капитаны Айдана Абдрахманова «Сымбатына жарасқан ұлттық киім» номинациясына иеленді.

Әр бөлім бойынша жеңімпаз атанған арулар бағалы сыйлықтармен және ақшалай сертификатпен марапатталды.

 

Эрик Чигирев

Теректі АПб бастығының кадр жұмысы жөніндегі орынбасары

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар