24.09.2019, 10:51
Қараулар: 372
Тоқсанға толған Шағатай

Тоқсанға толған Шағатай

Шағатай ауылдық округінің орталығы – Шағатай ауылы ғасырға жуық тарихы бар мекен. «Қаймағы бұзылмаған», іргесі 90 жыл бойы сөгілмеген Шағатайдың арғы тарихын қозғасақ, жүз жылдан да асар тарихы бар шығар. 

Осы жылдар ішінде ауылдың дамуы, тыныс-тіршілігі бірқалыпты болған жоқ. Бір кезде асыл тұқымды ірі қарамен аты шығып, гүрілдеп тұрған ауыл тоқырауды да басынан кешірді.

Шағатайдың тарихына сүңгіп, өткен-кеткенге көз жүгірту мақсатында кітапханада  «Ауылым менің-Шағатай» атты кеш өткіздік.

Ауылылдың байырғы тұрғындары, еңбек ардагерлері жиналған шараны округ әкімі Оразбек Құсайынов алғысөзбен ашты.

Теректі ауданының құрметті азаматы, ардагер ұстаз Хамит Салахиев ауыл тарихын тарқатты. Еңбек ардагері Исмағұл Қорбанов өзі еңбек еткен «Чапаев» асыл тұқымды мал зауытының құрылуы жайын айтты.

Арнайы шақырылған кеште Шағатай ауылына  арнау өлеңдер оқылды.  Ән шырқалып, күй төгілді.

Ел жаңарды, ауыл жаңғырды. Жүз жылдық болсын тарихың, Шағатай!

Мәншүк Молдашева,

ауылдық кітапхана кітапханашысы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар