24.09.2019, 10:48
Қараулар: 303
Қанекей, тілім, сөйлеші!

Қанекей, тілім, сөйлеші!

Дәл осындай тақырыппен Долин ауылындағы Чапаев ЖОББМ- де интеллектуалдық сайыс өтті.

Аталмыш дода Жастар жылы аясында және тілдер мерекесіне орай өтіп, долиндіктердің қызығушылығын тудырды. Сайысқа үш топ, яғни  «Жүйріктер», «Тапқыштар» және «Білгірлер» командалары қатысып, өзара кім мықтыны анықтады. Интелектуалдар жарысы «Кім жылдам», «Сөз тапқанға», «Қызықты ұйқастыр», «Шешуін тап», «Тіл — өнер», «Полиглот» айналымдары бойынша өрбіп, «Білгірлер» тобы алға шықты. Жеңімпаздарға мадақтамалар мен естелік сыйлықтар табысталды.

 

 

Майра Шарипова

Долин ауылының жастар жетекшісі

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар