12.09.2019, 14:52
Қараулар: 184
Екі тіркеме шөп түсіріп берді

Екі тіркеме шөп түсіріп берді

Федоров ауылының Целинный көшесінде  тұратын Ташжан Зикеев жасы еңкейсе де, ата кәсіптен қол үзбей, нәсібін малдан тауып отырған азамат.

Ауласына алты бас ірі қара  ұстап отырған Ташжан Исенбайұлы қыс қамын әріден ойлап, өзі еңбектеніп, қысқа жетердей  шөп те үйіп алған еді. Әттеген-ай, тілсіз жау – өрт жинағанын тілмен жалағандай жалмап кетті.

Қыс болса қыр астында. Қайтадан шөп шауып алуға, уақыты өтіп кетті.  «Енді қалай болар екен» деп қиналған кезде ауылдың баскөтерері, «Шарақап» шаруа қожалығының басшысы  Абат Джанназаров оған  екі тіркеме буылған шөп түсіріп берді.

«Біреу біреуге сүйеу» деген. Аяқ астынан тап болған қиындықта сүйеу болған Абат ағайға Ташжан Исенбайұлы: «Абат Қыдырбайұлы үлкен көмек берді.   Қашан да жанындағыларды қамқорлап жүретін абзал жан екенін білемін. Жақсылығы алдынан шықсын»-деп, алғысын айтып жатыр.

 

 

Камелия ҚАРЕКЕСОВА

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар