10.09.2019, 9:45
Қараулар: 208
ЖОЛДАУДАН КЕЙІНГІ ОЙ

ЖОЛДАУДАН КЕЙІНГІ ОЙ

— Елбасымыз Қасым-Жомарт  Тоқаев өзінің алғашқы жолдауында ауылдық жерлерде білікті педагогтардың тапшылығына басты назар аударып, «Дипломмен — ауылға» бағдарламасының аясын кеңейту қажеттігін айтты. Бұл бағдарлама келесі жылдан бастап 20 млрд. теңгеге қаржыланады. Мұндай хабарды естіген әріптестерімнің қуанышында шек жоқ шығар, сірә!

Мен Теректі ауданына 2015-2016 оқу жылдарында келдім. 2016 жылы аталмыш бағдарламаның арқасында үй алдым. Оқу бітіріп келген жас маманның алдынан шығатын ең басты мәселе — тұрғын үй. Жалақысының жартысы пәтерақысына кетсе, кімнің жұмыс істеуге құлқы болсын?  Осы орайда «Дипломмен — ауылға» бағдарламасының көмегі орасан зор. Елбасының жастардың қамын ойлап, бағдарламаны одан әрі дамытқалы жатқанына ризамын.

Бұл Жолдауда білім саласына қатысты қала мен ауыл арасындағы орта білім сапасының алшақтауы, оқушыларды сапалы оқулықтармен қамтамасыз ету,  жоғары оқу орындарында дипломдардың сатылуына жол бермеу, білім берудің барлық деңгейінде дербес қаржыландыру тәртібін енгізу, мұғалімдер мен оқушылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, ұстаздардың еңбекақысын 25 пайызға өсіру сынды мәселелер талқыланды.

Алдағы уақытта мектептің жүрегі — мұғалімнің жағдайын дұрыстауға бағытталған міндеттердің барлығы орындалатынына сенімім мол.

 

 

Мөлдір ЗАЙДУЛЛАЕВА,

Федоров қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің математика-информатика пәнінің мұғалімі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар