9.09.2019, 14:31
Қараулар: 333
Ақсуат жолы – тақтайдай

Ақсуат жолы – тақтайдай

Тас жолдың бойымен ағындап келген көлік Теректі ауданына қарасты Ақсуат ауылына қарай бұрылып, бет түзесімен кібіртіктеп қалатын. Әсіресе, көктемгі еру кезінде, күздің қара жаңбырында көз алдында тұрған ауылға жете алмай қиналатын ақсуаттықтар билік басындағылар келе қалса, жол мәселесін көтеретін.

Биыл бұл мәселе күн тәртібінен толық түсті. Мамыр айында жол салуға 196 784 000 теңгеге келісім шартқа отырған «Тоби» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2,44 км жолды қарашада іске қосуы тиіс еді.

«Тоби» басшысы Асыланбек Рахметов жол салуда жылдамдық көрсетті. Үш ай ішінде қауырт қимылдаған мердігер тамыз аяғында тас жолдан Ақсуатқа дейін асфальт төсеуді аяқталды.

Қазір тақтайдай тегіс жолмен салып отырып, діттеген жеріне барып жүрген ақсуаттықтар да, келім-кетім жолаушылар да жол азабынан құтылды.

 

Азета Мусина,

газеттің штаттан тыс тілшісі

Теректі ауданы

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар