9.09.2019, 14:19
Қараулар: 771
ЖОЛДАУДАН КЕЙІНГІ ОЙ

ЖОЛДАУДАН КЕЙІНГІ ОЙ

 ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа жолдауын қарап,өте жақсы әсерде қалдым. Жолдаудың басты ұстанымы-қарапайым халық қамы.

Президент қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық  қатынас тіліне айналатын кезең келді деді. Яғни, қазақ тілі жаңа белеске көтеріліп, әлемдік аренада мәртебесі артары хақ. Ендігі жылы даңқты философ әль –Фарабидің  1150 жылдығы және ұлы ақынымыз Абайдың 175 жылдығы аталып өтіледі. Тәу етер Тәуелсізідігіміздің 30 жылдығы тойланады. Аталмыш мерекелерге аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі де өз үлесін қосып, бірқатар маңызды шараларды өткізуді жоспарға қойып отыр.

Жолдауда халықты толғандырар мәселенің барлығы дерлік көтерілді. Мәдениет саласы қызметкерлеріне ерекше назар аударғаны мені де қуантты. Оқулық сапасына көңіл бөлу керектігі –бүгінгі күннің басты проблемасы. Егер оқулық сапалы, жоғары білім жөнжі берілсе жас ұрпақтың келешегіне алаңдамауға болады. Қасым-Жомарт Кемелұлы мерейлі мекенімізді өркендетуге шақырды. Бұл-әр қазақстандықтың миссиясы болуы тиіс.

 

Айгүл Рияшева, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдістемелік бөлім меңгерушісі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар