27.08.2019, 15:08
Қараулар: 561
ТЕРЕКТІ ҰСТАЗДАРЫНЫҢ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

ТЕРЕКТІ ҰСТАЗДАРЫНЫҢ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

Теректі ауданы орталығындағы мәдениет үйінде «Жаһандық құндылықтар және сапалы білім – болашаққа бастар жол» тақырыбында аудандық білім беру жүйесі қызметкерлерінің тамыз педагогикалық кеңесі өтті. Оған аудан әкімі Әділ Жоламанов, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, бөлім-мекеме басшылары және ұстаздар қауымы қатысты.

Мәдениет үйінің фоесінде 2018-2019 оқу жылында жетістікке жеткен оқушылардың марапаттары мен фотосуреттері көрсетілген бұрыш жасақталған. Баспасөз орталығы да тамыз кеңесінен шұғыл ақпарат тарату үшін тырысуда.

Тамыз кеңесін ашқан аудандық білім беру бөлімінің басшысы Жанаргүл Хусайнова ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

  • Білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу- біздің өмірлік мақсатымыз. Аудандағы 38 мектеп һәм сол секілді мектепке дейінгі ұжымдар осы мақсатты орындау үшін жұмыстанып келеді. 2018-2019 оқу жылы 6095 оқушы мектеп бітірсе, білім сапасы 58,4 пайызды құрады.  Ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер де өте көп болды. Бірақ, біз бір орында тоқтап қалмауымыз қажет. Жаңа оқу жылы жақсылықтарға толы болады деп сенемін,-деді өз сөзінде Жанаргүл Жеңісқызы. Бөлім басшысы ардагер ұстаздарға құрмет көрсетіп, гүл шоқтарын табыстады.

Теректілік ұстаздарға БҚО білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері Шынар Бауетдинова ізгі тілегін арнады. Кеңес аясында «Білім беру саласындағы STEM инновациялар» тақырыбында облысқа танымал «STEM Academia» жобасының менеджері Любовь Кушнер-Чекалина, «Оқытудың жаңартылған мазмұнын енгізу: іс-әрекет және нәтиже»  тақырыбында Шаған ЖОББМ директорының орынбасары Баршагүл Жұмағалиева, робот жасау технологиясы, аудан мектептерін сапалы компьютермен жабдықтау бойынша «LABORTECH  INTERNATIONAL» ЖШС бас директоры Бекжан Қабдығалиев, «Мектеп және ата-ана:бала тәрбиесінің негізі» тақырыбында бес баланың анасы Жанна Әлдібаева баяндама оқыды. Подстепный №1 ЖОББМ-нің тарих пәні мұғалімі Бекнұр Бекқалиев жас мамандар атынан сөз алды.

Кеңеске арнайы қатысқан аудан әкімі Әділ Жоламанов өткен оқу жылының қорытындысы бойынша 155 түлектің оқу грантының иегері болғанын атап өтті. Сонымен қатар оқушылар арасында өз-өзіне қол жұмсау фактілерінің орын алмауын назарда ұстап, ол үшін секция, үйірмелердің жұмысы жандануы тиіс екендігін тілге тиек қылды. Бұл -аудандық білім беру бөлімі мен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне берілген тапсырма-тұғын.

Аудан басшысы Әділ Тауфиқұлы сахна төрінде Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясының  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлия Хасанованы, Абай атындағы ЖОББМ-нің география пәні мұғалімі Гүлмира Утеғалиеваны, Ыбырай Алтынсарин атындағы  ЖОББМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Фарида Рысқалиеваны және Теректі аудандық лингвистикалық гимназияның орыс тілі пәні мұғалімі Венера Тоқтарованы әкім премиясымен марапаттады.

Тамыз кеңесінде табысқа кенелгендердің қатары өте көп болды. ҚР білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасын аудандық білім беру бөлімінің оқу-әдістемелік  кабинеті меңгерушісінің міндетін атқарушы Гүлайым Асқарова, аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Ұлдай Сәрсенова, Ұзынкөл ЖОББМ-нің география пәні мұғалімі Гүлжан Артықова, Шаған ЖОББМ-нің технология пәні мұғалімі Медет Бисекенов, Федоров қазақ ЖОББМ-нің биология пәні мұғалімі Дариға Бекетова, Шаған ЖОББМ директорының орынбасары Баршагүл Жұмағалиева, Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясының директоры Нұрбөбек Кереева, Подстепный қазақ ЖОББМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Марат Сыхов, Хамза Есенжанов атындағы ЖОББМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Самал Тулешова және Шаған ЖОББМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Елена Плотникова еншіледі.

Бірқатар ұстаздар ҚР білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаттарына ие болды. Олардың қатарында «Ақбота» бөбекжайының  тәрбиешісі Нұрсұлу Әділханова, Подстепный қазақ ЖОББМ директорының ақпараттық технологиялар бойынша орынбасары Дамир Бердібеков, аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Тлеп Ниетқалиев, Федоров №1 ЖОББМ-нің  физика пәні мұғалімі Дина Кульниязова, аталмыш білім ордасының биология пәні мұғалімі Марина Тукпаева, «Бәйтерек» бөбекжайының тәрбиешісі  Салтанат Сисенғалиева, Ақсуат ЖОББМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Сәрсенова, аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Дамир Мендыбаев, аудандық лингвистикалық гимназиясының алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Оразбай Мырзағалиев пен технология пәні мұғалімі Кенжетай Ғатауов, Абай атындағы ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Гүлниса Ешова, Шаған ЖОББМ-нің  бастауыш сынып мұғалімі Баян Мұратова, аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің олигофренопедагогы Рузалия Юсупова, Шаған ЖОББМ-нің дене шынықтыру пәні мұғалімі Нұрлан Рақымжан және Подстепный қазақ ЖОББМ-нің дене шынықтыру пәні мұғалімі Қажет Джалитов бар.

Теректілік ұстаздардың бір легі аудан әкімінің  Алғыс хаттарын еншілесе, бір легі облыстық білім басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталды.  Аудандық білім беру бөлімі ұйымдастырған «Балалар мен жасөспірімдерді сауықтыру және жазғы демалысты үздік ұйымдастыру» байқауында Шаған ЖОББМ  ұжымы жеңімпаз атанса, «Жаңа оқу жылына дайындықты  ұйымдастырудың үздік мектебі» байқауында Ұзынкөл ЖОББМ  директорының шаруашылық меңгерушісі Мизамғали Елекбаевтың еңбегі ескерусіз қалмады.

Тамыз кеңесі концерттік бағдарламамен жалғасты. Мәдениет үйіне жиналғандар Подстепный ауылындағы «Бәйтерек» бөбекжайының балғын бишілерінің,  үлгілі «Өркен» балалар вокалдық тобының өнерпаздарының және ағайынды Сұлтан –Бейбарыс Ғарифуллиевтердің өнеріне тәнті болды.

 

Әділет ОРЫНБАСАРОВ

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар