26.08.2019, 16:39
Қараулар: 398
Бесінші ІТ сынып – сыйлыққа

Бесінші ІТ сынып – сыйлыққа

Дүние жүзінде ІТ, робототехника ғылымы кең тарап, жаппай қолданылып жатырған кезде, біз де ғылыми-техникалық прогресстің осы бір маңызды бағытынан құр қалмауға тиіспіз.

Осы мақсатта ауданның төрт мектебінде ІТ сынып ашылады да, балалар жаңа технологияларды меңгеріп, оқу үрдісінде бағдарламалау, 3D модельдеу, робот құрастыра білу сынды жаңа ғылым түрлерін меңгереді.

Шаған орта мектебі, Подстепное және Федоров қазақ мектептері, Ақжайық орта мектебі оқушыларының жаңа технологияларды меңгеруіне мүмкіндік беретін бұл  ІТ сыныптардың жалпы соммасы 13 млн. 281 мың  теңгені құрап отыр. Әр мектептің кабинетіне 3 млн. 320 мың теңге қаржы жұмсалды. Сынып  оқушыға арналған жиҺаз, 3D принтер, арнайы тақта, компьютерлер жиынтығы, роботтық конструкторлармен жабдықталған.

Толық жабдықталған бесінші ІТ кабинетті  «IT group» ЖШС Теректі аудандық гимназиясына сыйға тартып отыр. Жаңа оқу жылы  жаңа ІТ сыныпта оқушылар сабақтан тыс уақытта білім алып, өздерінің техникалық ғылымдардағы қабілеттерін шыңдай түспек.

 

Камелия ӨТЕУ

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар