26.08.2019, 16:37
Қараулар: 647
Үш ауылда — қуаныш

Үш ауылда — қуаныш

Теректіде  үш бірдей ауылда су жаңа спорт алаңы іске қосылды.

Жасанды жасыл жабын төселген, футбол, волейбол, баскетбол ойнауға арналған алаңның әр қайсысының құны — 7 950 876,64 теңге. Үш алаңды да «Тарлан-НС» ЖШС жергілікті бюджет қаражатымен салды.

Аңқаты, Жаңа Өмір, Покатилов ауылдарында салынған спорт алаңдарының тұсаукесерінде аудан әкімі Әділ Жоламанов ауыл тұрғындарын халық үшін, әсіресе, жастар мен балаларға қажет нысанның іске қосылуымен құттықтады.

Алаңды іске қосуға арналған салатанатты шара алдымен  Аңқаты ауылында болды. Жергілікті спорт ардагерлері Ердан Ихсанғалиев пен Ерболат Жұмағалиев лента қиды.

Шаған ауылында лента қию құрметі балаларды спортқа баулуда еңбегі сіңген ардагер ұстаз Алтынбек Ермұханбетов  пен Шаған мектебінің түлегі, бүгінде өз мектебіне мұғалім болып оралған Жайдар Жұмашқа берілді.

Жақсылықты үшінші ауыл – Покатиловтағы алаң лентасын ауданның Құрметті азаматы Ерғали Бекетов пен педагогикалық еңбек ардагері Александр Юрьев кесті.

Салтанатты ашылудан соң жаңа нысан иелері – спортшылар жаңа алаңда ойын көрігін қыздырды.

 

Камелия Өтеу

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар