13.08.2019, 10:36
Қараулар: 903
ЖАСТАР-ЕЛДІ АЛҒА БАСТАР

ЖАСТАР-ЕЛДІ АЛҒА БАСТАР

Аудан орталығы Федоров ауылында жазғы би алаңында жастарға арналған көпшілік қыдыру шарасы өтті. Халықаралық жастар күніне орай өткен  кештің бас ұйымдастырушысы – «Іс үшін –За дело» ЖҚБ болды.

Теректілік жастарды мерекемен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жаннұр Аxметов құттықтады.

 Би алаңындағы «Бояулар фестивалі» алғашында көзге оғаш көрінгенмен,  жастар тарапы ерекше қуанышқа бөленді.
Сонымен қатар, кеште түрлі ойындар ойнатылып,жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталды.  Талантты жастар, аудан сахнасында құйқылжыта ән салып жүрген  Альбина Галиева, Мадина Кабиева, сондай -ақ, «No comments»  тобы мен Виктория Шаяхметованың өнері жастардың қолдауымен өрбіді.
Ән айтып, қызықты ойындар ойнап, би билеген теректілік жастар мерекені жоғары деңгейде тойлады.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар