13.08.2019, 10:31
Қараулар: 812
Қолы шебер ұстаз

Қолы шебер ұстаз

Қолөнер, қолданбалы өнер – дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарын жасайтын ұсақ өндіріс. Қазіргі таңда қолөнер бұйымдары үлкен сұраныста. Сонымен қатар, әрбір қолдан жасалған бұйым әр жерге сән беріп, ерекше байқалады. Ол көп адамның қолынан келе бермейтіні тағы бар.

Білім беру кеңістігінде тәжірибелі де білімді кәсіби ұстаздар жетерлік. Солардың бірі – Госплемстанция  орта жалпы білім беретін мектебінің  технология, бейнелеу өнері пәндерінің мұғалімі —  Теміралиева Нұргүл Майданқызы. Ол мектептегі қолөнерге қызығушылығы бар, дарынды оқушыларға арналған «Шебер қолдар» үйірмесінің жетекшісі. Үйірменің жұмысы барысында еңбекқор ұстаздың шәкірттері жүннен бұйым жасау, кесте тоқу, өрмек тоқу және түрлі пластикалық заттар мен дәнді дақылдардан тамаша дүниелер жасап, мектебімізде көрмеге ұсынады. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы  аясында  үйірме мүшелері түрлі байқауларды ұйымдастырып  жүр. Шәкірттері мектепішілік, аудандық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

    Тіпті пайдаланудан қалған заттарды пайдаланып, қарапайым еңбек құралдарының көмегімен көркем бұйымдар жасап шығаратын Нұргүл Майданқызы мен шәкірттері- мектептің мақтанышы.

 

Айлен ІЗІМҒАЛИЕВА,

Госплемстанция ЖОББМ-нің 10 сынып оқушысы

«Өрімтал» жас тілшілер байқауының жүлдегері

жас тілші

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар