13.08.2019, 10:23
Қараулар: 664
АЛАҢДА ДОП ТЕБЕР КҮН ЖАҚЫН

АЛАҢДА ДОП ТЕБЕР КҮН ЖАҚЫН

Аңқаты ауылындағы спорт алаңының құрылысы аяқтала келді.

Спорт алаңының ені 18 метр, ұзындығы 37,5 метр. Тапсырыс беруші — аудандық білім беру бөлімі мен мердігер «Тарлан-НС» ЖШС арасында 7 950 876,64 теңгеге жасалған келісім шарт негізінде тұрғызылған спортттық нысан қоршаулы, жасанды жасыл жабынды, үлгіге сай тұрғызылған. Футбол қақпасы, баскетбол қалқаны, волейбол торы орнатылған  алаңның төрт бұрышына жарық шамы қойылған.

Күні бүгін соңғы «шегелері қағылып» жатырған спорт алаңы сақадай сай болар күнді «бүгін-ертең» деп күтіп жүрген аңқатылықтар үшін бұл жастар мен балалар жиналар жақсы орын болады.

Камелия Өтеу

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар