8.08.2019, 17:12
Қараулар: 543
Табиғатты өрттен қорғаңыздар!

Табиғатты өрттен қорғаңыздар!

Ағымдағы жылы Теректі ауданы аумағында орман алабы жануы және дала жанулары бойынша 4 оқиға орын алды. Табиғи өрттерді болдырмау мақсатында Теректі ауданы аумағында 2019 жылдың 1 тамыз күні Теректі ауданы ТЖБ, №12 ӨСБ жеке құрамы және Федоровка ауылдық округінің ереікті өртке қарсы құрамасымен бірлескен оқу жаттығуы ұйымдастырылды. Оқу барысында азаматтық қорғау қызыметкерлері мен ерікті өртке қарсы құраманың табиғи өртке дайындықтары тексерілді.

dav

Табиғат аясында өрттерге жол бермеу мақсатында тыйым салынады:

  • Орман , тоғай және дала алқаптарында сөндірілмеген отты қалдыруға, темекі тұқылын және шала бықсыған шүберекті тастауға,
  • Қалың ну арасында, ағаштардың түбінде, егіс алқаптарына, ағаш қоймаларының маңына от жағуға,
  • Ориман тоғай және дала алқаптарына өздігінен өртенетін заттарды, атап айтқанда: жанармай сіңген шүберектерді, шыны ыдыстарды тастауға болмайды. Себебі бұл заттар күннің күюімен тез қызып, өрттің шығуына әкеліп соғады.
  • Орман алқабында, саяжайларда құрғақ шөптерді өртеуге.
  • Қамысты жағуға.
  • Желді күндері от жағып оны қараусыз қалдыруға тиым салынады.

Табиғи өрттің жануын байқағанда, мүмкіндігінше адамдарды жинап өртті сөндіруге тырысыңыз. Егер өртті дер кезінде сөндіру мүмкін болмаса, дереу қауіпсіз жерге кетуіңіз қажет.міндетті түрде өрт сөндіру қызыметінің 101, 112 немесе орман шаруашылығы қызыметіне хабарласып өрттің нақты шығу орынын айтуыңыз қажет.

Табиғатты өрттен қорғайық!

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар