5.08.2019, 13:40
Қараулар: 668
Ауданда жаңа тағайындаулар орын алды

Ауданда жаңа тағайындаулар орын алды

Өткен апта аудан үшін ауыс-түйіске толы болды. Новопавлов ауылдық округіне жаңа әкім келіп, қос бөлімге басшы тағайындалды.

Сонымен, Новопавлов ауылдық округінің әкімі лауазымына Қайрат Қазбекұлы ЖҰМАҚАЕВ  бекітілді. Қайрат Жұмақаев- 1986 жылы Қаратөбе ауданы, Қоскөл ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімді. Мемлекеттік қызметте өз тәжірибесі бар жас әкім 2018 жылдың қаңтар айынан бастап күні бүгінге дейін Федоров ауылдық округі әкімінің көмекшісі болып жұмыс жасап келген еді. Ауыл халқына жаңа әкімді аудан басшысының уақытша міндетін атқарушы Ержан Досмақов таныстырды.

Ал, Теректі аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы болып Лунара Ганибалқызы СЕРДАЛИЕВА тағайындалды. Осы уақытқа дейін Лунара Ганибалқызы Покатилов ауылдық округінің әкімі болып жұмывс жасаған еді.

Аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Ержан Нұржанұлы Теректі аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Сабырбек Аманбекұлы МУСИНДІ ұжымға таныстырып, жаңа басшыға сәттілік тіледі.

Ауданда кадрлық өзгерістер әлі орын алатын секілді. Оған себеп — Достық үйiнде өткен Федоров ауылдық округiнiң қоғамдастық жиналысы.
Жиынға аудан əкiмiнiң мiндетiн атқарушы Ержан Досмақов, Теректi ауданы əкiмi аппаратының басшысы Армат Байғазиев жəне тұрғындар қатысты.
Күн тəртiбiндегi мəселе — Федоров ауылдық округiнiң əкiмi лауазымына кандидаттарды ұсыну үшiн жергiлiктi қоғамдастықпен келiсу еді.
Сонымен, Федоров ауылдық округiнiң əкiмi лауазымына үмiткер ретiнде Богданов ауылдық округiнiң əкiмi қызметiн атқарып жүрген Əсет Аубакиров, Теректi ауданы əкiмi аппаратының ұйымдастыру жəне бақылау бɵлiмiнiң басшысы Мирхат Ибраев жəне аудандық бiлiм беру бɵлiмi басшысының орынбасары Эльмира Сисенбаева таңдалды.

 

Әділет ОРЫНБАСАР

Аягөз БАҚТЫҒАЛИ

суреттер Исламгүл Шалабаевадан

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар