5.08.2019, 13:36
Қараулар: 609
ҮШ АУЫЛҒА СПОРТТЫҚ КЕШЕН САЛЫНАДЫ

ҮШ АУЫЛҒА СПОРТТЫҚ КЕШЕН САЛЫНАДЫ

Ауданға жұмыс сапарымен ҚР Олимпиада комитетінің өкілі Хамит Бақытбеков келді.
Құрметті қонақты аудан әкімінің орынбасарлары Қуаныш Шарафутдин және Махамбет Батырғалиев қарсылап, аудандағы бұқаралық спорттың жағдайымен таныстырды. Аудан орталығындағы спорттық нысандарды аралаған Олимпиада комитетінің өкілі жас спортшылармен де тілдесті.

-Алдағы бес жылда Подстепный, Шаған және Ақжайық ауылдық округтерінде дене шынықтыру және сауықтыру кешендері бой көтереді. Бұл жоспарға енген жұмыстар. Осы ауылдардың халқы аудан әкімінің есептік кездесулерінде спорттық кешеннің жоқтығын әрдайым айтып келеді. Халықтың салауатты өмір салтын ұстануы үшін барлық жағдайды жасауға әзірміз,-деді аудан әкімі орынбасары Қуаныш Шарафутдин.

Хамит Бақытбеков қос орынбасардан аудандағы атқарылып жатырған жұмыстардың біразын естіп, дене шынықтыру және сауықтыру кешенін, орталық стадион және балалар және жасөспірімдер спорт мектебін көзбен көрді.

Әділет ӘЛІБЕКҰЛЫ

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар