5.08.2019, 13:33
Қараулар: 889
Жерлесіміз халықаралық фестивальдың  ГРАН-ПРИ  жүлдегері атанды

Жерлесіміз халықаралық фестивальдың  ГРАН-ПРИ  жүлдегері атанды

Қырғызстанның « Өңірлік дамуы«» жылының аясында белді актёр Мукамбет Токтобаев және  Кырғыз республикасы мәдениеттің мықты кызметкері әнші Элмира Кайып кызының құрметіне арналған  « Jeti Oguz жұлдыздары-2019» IV- халықаралық конкурс-фестивалінің жеңімпаздары анықталды.

Аталмыш байқаудың «Актерлік шеберлік» номинациясы бойынша көркем сөз оқудан гран-приді  жерлесіміз, актриса Мақашева  жеңіп алды. Х.Бөкеева атындағы БҚО қазақ драма театрының актрисасы Эльмира Жұмажанқызы халық жазушысы  Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығынан «Жанпида» романынан үзіндіні тебіренте  оқып, өзінің талантымен, дарынымен көрермендердің көзіне жас үйірді.  Байқауға Түркия, Ресей, Индия, Моңғолия,Қырғызстан, Саха (Якутия), Тува (Тыва) Республикасы  секілді мемлекеттерден үміткерлер қатысты.

Назарларыңызға Қазақстан ақын-жыршылар одағының мүшесі,ақын Сағынтай Бисенғалиевтің теректілік талантқа арнауын ұсынғымыз келеді.

 

Әділет ЗЕРЕ

Қолында ғасырлардың жез бұйдасы,

Хас өнер-атамұра,ел мирасы.

Қара үзіп қаралардың арасынан,

Оралдың озып кепті Эльмирасы!

 

Түсті ме поезд əлде самолеттен,

Даңқы бар даласына дара жеткен.

Келгенде Оралына жел аймалап,

Бетінен жеңімпаздың Самал өпкен!

 

Айта алсаң əуен құяр əр ұйқасы,

Көркемсөз-өнердің бір Падишасы.

Жалғасын тапсын əркез жеңістерің,

Өзің бол Оралыңның Хадишасы!!! 

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар