5.08.2019, 13:04
Қараулар: 563
Фестивалде теректілік әртістер марапатталды

Фестивалде теректілік әртістер марапатталды

Бәйтерек ауданының Переметный ауылында ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру және «2019 – Жастар жылы» аясында «Jastar SUMMER Fest» халық театрларының облыстық өнер фестивалі өтті.

Түрлі бағыттағы қойылыммен көрермендердің жүрегінен орын тауып жүрген Теректі халықтық «Дат» театры фестивалде М.Томановтың «Қыздарым менің» қойылымын ұсынды.

Бес аудан қатысып, солардың арасынан теректіліктер  «Ең үздік декорация» номинациясы бойынша марапатталды. Сонымен қатар, театр режиссері, танымал кино және театр әртісі Жамбыл Заев  «Ең үздік режиссер» номинациясынында жеңімпаз атанды.

 

Мерует АБУЕВА

газеттің жас тілшісі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар