5.08.2019, 12:58
Қараулар: 989
«Ашық сахна алаңында» ән салды

«Ашық сахна алаңында» ән салды

Подстепный ауылындағы «Ұлы дала саябағында» жастар арасында ән айтудан «Ашық саxна алаңы» байқауы өтті.
Байқауға барлығы 15-ке жуық жас қатысуға ниет білдірді.Бұл байқаудың мақсаты жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, мәдени демалыс сыйлау, жастар арасынан жаңа таланттарды іздеу болатын.
Байқау нәтижесінде ерекше көзге түскен федоровкалық Мадина Қабиева бас жүлдеге ие болды. Көршілес Ақсуат ауылынан келген Альмира Кутумбаева I орынға ие болса,подстепныйлық Асхат Хайруллиев пен Ақжайық ауылынан келген Дархан Тастаев  тұғырдың екінші сатысына жайғасты. Ал III орынды Подстепный ауылының тұрғыны  Бану Жеңісова Бану федоровкалық Айжамал Аққайырова иемденді.Өз өнерлерін көрсетіп,белсенділік танытқан жастар алғыс xат пен естелік сыйлықпен марапатталып,шара Подстепное ауылының жастарының флешмобымен жалғасты.
Шоқтығы биік, әуені әдемі, әуезі әсерлі, тұнық сезімнен туған мөлдір әндерге арналған әдемі кештер көбейеді деп сенеміз.

 

Нұрлан Жасұланов,

«Іс үшін-За дело» ЖҚБ-нің төрағасы