30.07.2019, 16:32
Қараулар: 885
Теректі — чемпион

Теректі — чемпион

НұрСұлтан қаласында өткен »Балдәурен» бастауыш сыныптар оқушылары арасындағы  футбол біріншілігінің республикалық кезеңіне Подстепный қазақ орта мектебінің командасы аттанған болатын.

Қажет Джалитов жаттықтырып жүрген жалпы саны 12 бала, оның екеуі қақпашыдан тұратын команда төрт мәрте алаңға шықты.

Біріншіліктің алғашқы күні Алматы қаласының командасымен ойнаған теректілік балғындар 3:2 есебімен жеңіске жеткен. Екінші күні команда Нұр Сұлтан қаласының командасын 6:1 есебімен ойсырата жеңіп, жеңісін еселеді. Үшінші күні ойын 2:2 болып, Жамбыл облысынан келген командамен тең түсті. Соңғы күні жеңіс қоржынға таза түсті. 3:0 есебімен маңғыстаулықтарды жеңген команда ұпай санымен үзіліп шықты.

Үміт пен сенім ақталды.

Аудан әкімі Әділ Жоламановтың қолдау көрсетуімен ел біріншілігіне барып, топ жарған командаға Балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология облыстық орталығында чемпиондарға сай құрмет көрсетіліп, сыйлықтар табыс етілді.

Камелия ӨТЕУ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар