29.07.2019, 14:00
Қараулар: 617
БАЛА ТОЙМАС ОЙЫНҒА!

БАЛА ТОЙМАС ОЙЫНҒА!

 

 

 

 

 

 

Осы сәттер ұмытылар тез керім,

Ұмытылар.

Есте қалар сезгенім.

Түстік мұңға дей алмаймын,

Ғажап қой,

Ыстық құмда асыр салған кездерім!

 

 

 

 

 

 

 

Қызық өтті күнім менің бүгінгі,

Қызықтады ел былдырлаған тілімді.

Ағатайым!

Суретке кеп түсірші,

Жалаң аяқ мәз боп тұрған түрімді.

 

 

 

 

 

 

Табиғаттың қорғаушысы мен сосын,

Даламыздың аралайық кең төсін.

Қымсынбастан ну орманға сүңгиік,

Жасырынбақ ойнайықшы, кел, досым!

 

 

 

 

 

Жас оқырман!

Бізге де бір қарашы,

Еркелеткен әкесі мен анасы.

Бұзау қуып, қозы-лақпен ойнаған,

Біз-ауылдың баласы!

 

 

 

 

 

 

 

Көрген көзге болмасыншы тосын жай,

Күлім қаққан қараңыздар досымды-ай.

Алтыбақан тепкендейміз екеуміз,

Бүгінгінің ойындары осындай!

 

 

Бетті дайындаған Әділет ОРЫНБАСАРОВ

суреттер Исламгүл Айболатқызынан

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар