24.07.2019, 11:51
Қараулар: 568
Тазалықты сақтау өзімізден басталады

Тазалықты сақтау өзімізден басталады

 

 

 

 

 

 

Сарыөмір ауылындағы Шалқар көлі жағалауында ауыл тұрғындары жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, киіз үйлерін құрып, демалушыларға қызмет көрсетеді. Жазғы уақытта Шалқар көлі жағалауына және Әлжан тұзына орта есеппен 20 000 –дай демалушылар келеді. Бір аптаның ішінде әсіресе, сенбі-жексенбі күндері 1500-2000 адам, 500-600 автокөлік келіп кетеді. Қазіргі таңда демалушыларға 150 киіз үйлер қызмет көрсетеді. Сонымен бірге, жағалауда тұрақты түрде жеке кәсіпкер «Кузнецов» 12 ағаш үй мен 16 киіз үйді жалға беріп, демалушыларға жағдай жасайды. 

 

 

 

 

 

 

Теректі аудан әкімінің орынбасары Ержан Досмақов және аудандық кірістер басқармасы мамандарының қатысуымен киіз үй иелеріне Шалқар көлінің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мақсатында және жеке кәсіпкер ретінде тіркелу жөнінде жиналыс өткізді. Апта сайын ақылы қоғамдық жұмысшылардың және киіз үй иелерінің күшімен жағалауды тазалау жұмыстары жүргізіледі. Маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін 5 рейс, 20 тонна қоқыс шығарылды. Облыстық және аудандық кәсіпкерлік бөлімінің қолдауымен 1 млн 200 мың теңге қаржыға 6 дәретхана, 12 күл-қоқыс төгетін арнайы жәшік орнатылды. Сонымен қатар, «Тазалықты сақтаңыз!», «Соблюдайте чистоту и порядок!» тақтайшаларын жағалаудан көре аласыз.
Шілде айының аяғында Шалқар ауылдық округіне қарасты «Әлжан тұзына» ауыл тұрғындары сенбілік ұйымдастырды. Сенбілік барысында арнайы техникамен 1 тонна күл – қоқыс шығарылды.
Шалқар көлі мен «Әлжан тұзы» — тек Теректінің ғана емес, күллі облыстың мақтанышы. Сондықтан демалушылар салғырттық пен жауапсыздық танытпай, тазалық сақтауды өзімізден бастайық.

Рүстем Арыстанов
Шалқар ауылдық округінің жастар жетешісі