22.07.2019, 14:20
Қараулар: 764
«Жолда қабылдау» акциясы

«Жолда қабылдау» акциясы

19-20 шілде 2019 жылы Теректі ауданының аумағында республикалық «Жолда қабылдау» акциясы өтті.
19 шілдеде Ақжайық ауылында жергілікті полиция қызметкерлері акция шеңберінде ауыл тұрғындарымен кездесті. Ақжайық ауылының орталығында өткізілген шарада Теректі аудандық полиция бөлімінің бірінші орынбасары, полиция подполковнигі А.Дусенов, Теректі ЖПҚ басшысы, полиция майоры Б.Супогалиев, Ақжайық полиция бөлімшесінің ЖПҚ басшысы, полиция подполковнигі Р.Ашиков, Теректі АПб ӘПб аға мемлекеттік автоинспекторы, полиция аға лейтенанты Е.Жангалиев және Теректі АПб ӘПб инспекторы, полиция аға лейтенанты А.Аблаев ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.
Ал 20 шілдеде акция аудан орталығы Федоров ауылында жалғасын тапты. Аудан тұрғындары жергілікті полиция қызметкерлеріне жеке куәлікті тез арада ауыстыру және алу, шет ел азаматтарын уақытша тіркеуге алу, үйлер мен пәтерлерді жалға беру тәртібі, шет елдерде тіркеуде тұрған автокөліктерді уақытша тіркеуге алу мәселесі, тағы басқа сұрақтарын қойып, нақты жауап алды.

А.Аблаев,
Теректі АПб ӘПб инспекторы, 
полиция аға лейтенанты