18.07.2019, 13:22
Қараулар: 223
БАТЫР АНАҒА ҚҰРМЕТ  

БАТЫР АНАҒА ҚҰРМЕТ  

 

Аудан әкімі Әділ Жоламанов Подстепный ауылдық округінің тұрғыны, 7 баланың анасы Күлайман Иманғалиеваны қабылдады. 

Күлайман Чапайқызы – Сырым ауданының тумасы. Қазіргі таңда Подстепный ауылдық округіне қарасты Барбастау ауылында тұрады. Батыр ананың үлкен қызы Алтынгүл облыс орталығындағы медициналық колледж студенті. Одан кейінгі үш бала Гаухар, Нариман, Ырысбек Госплемстанция ЖОББМ-нің оқушылары болса, Бекхан, Дінмұхамед, Абдуллах ата-аналарына көмектесуге жарап келеді. Күлайман Иманғалиева үкімет ұсынған атаулы әлеуметтік жәрдемақыны текке шашпай, ауласында мал өсіріп, құс баптауда.

Аудан басшысы еңбекқор ананың талпынысы мен алдағы жоспарларына сүйсініп, сәттілік тіледі. Сонымен қатар  Әділ Тауфиқұлы батыр анаға 18 маусымдағы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың жарлығына байланысты «Алтын алқа» төсбелгісін тапсырды.

 

Әділет ӘЛІБЕК

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар