16.07.2019, 13:07
Қараулар: 596
«Жас маман» жәрмеңкесі жүзеге асты

«Жас маман» жәрмеңкесі жүзеге асты

Подстепный ауылдық округінде «Жас маман» жобасы аясында жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкенің өткізілуіне аудандық жұмыспен қамту орталығы ықпалдасты.
Жәрмеңкеге ТОО «KCG» , ТОО «KAZKON», Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі, №1 Подстепный жалпы орта білім беретін мектебі, Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясы, аудандық жұмыспен қамту орталығы қатысты.
Жәрмеңкенің нәтижесінде 9 жас жастар тәжірибесіне жолданып, 1 жас тұрақты жұмысқа орналасты.
Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен тоқсан сайын бос жұмыс орындар жәрмеңкесі, ай сайын «Жастарға-кеңес» шаралары жүйелі түрде жүзеге асуда.

Нұрсәуле АТКЕЕВА,
аудандық жастармен жұмыс жөніндегі 
ресурстық орталықтың басшысы