17.07.2019, 13:01
Қараулар: 909
«ЦИФРЛЫ ӘЛІППЕ» ЖҮЙЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

«ЦИФРЛЫ ӘЛІППЕ» ЖҮЙЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

16 шілдеде аудандық мәдениет үйінде Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының Батыс Қазақстан облыстық «Қазақ тілі» қоғамының атсалысуымен, Теректі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Цифрлы әліппе интерактивті-ақпараттық жүйесімен тұрғындарды таныстыру» атты облыстық семинары өтті. Семинарға 112 адам қатысты.
Облыстық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің үлестіруші әдіскері Әсел Сағатбаева теректіліктерге мекеме қызметкерлеріне дербес компьютерлері және мекемедегі корпоративті жүйені қолдану арқылы латын графикасындағы жаңа қазақ тілі әліпбиін қашықтан оқытуға арналған жоба «Цифрлы әліппе» жүйесі жөнінде ақпарат берді. Модератор Әсел Мирболқызының айтуынша, осы жүйе арқылы тыңдаушылар жұмыс орындарында отырып, өздеріне ыңғайлы уақытта өз беттерімен қазақ тілінің жаңа жазуын үйреніп, интерактивті жаттығулар арқылы білімдерін пысықтай алады.
Семинарға қатысушылар сұрақтарын қойып, пікірлерін ортаға салды.

Венера Шин,
аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы

100 нақты қадам

Басқа да мақалалар