12.07.2019, 14:19
Қараулар: 659
«Іскерлік журналистика» — жаңа көкжиек

«Іскерлік журналистика» — жаңа көкжиек

 «Жайық Пресс» медиахолдингінде «Іскерлік журналистика» тақырыбында  семинар-тренинг өткізілді.

«Мінбер» журналистерді қолдау» қоғамдық қоры жетекшісі, журналист, филология ғылымдарының кандидаты Есенгүл Кәпқызы, елімізде  іскерлік журналистиканы дамытуда үлес қосып жүрген Ербол Азанбек, бұдан бұрын да өңір журналистерімен білгенін бөлісіп жүрген журналист, медиа-тренер Асхат Еркімбай  дата-журналистика, жаңа медиа, фактчекинг, ашық деректермен жұмыс, т.б. тақырыптарды  қамти отырып өткізген семинар біз үшін өте пайдалы болды.

Бір күндік оқу аясында мазмұнды деректермен бөлісіп, мағыналы кеңес берген  тренерлерге, жергілікті ақпарат құралдары өкілдерін жинап, семинар ұйымдастырған «Жайық Пресс» медиахолдингі басшысы Рауан Сәбитұлына айтар алғысымыз мол.

Шара соңында аймақтық журналистерге арналған бірлескен жобаларды жиі өткізіп тұруға сөз байлаған  «Жайық Пресс» медиахолдингінің бас директоры Рауан Сәбитұлы мен «Мінбер» журналистерді қолдау» қоғамдық қоры президенті Есенгүл Кәпқызы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

 

Камелия ҚАРЕКЕСОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар