9.07.2019, 13:12
Қараулар: 42
Алматыға жолдама алды

Алматыға жолдама алды

Орал қаласында «Бақытты бала əлемi» атты республикалық байқаудың облыстық кезеңi ɵттi.

3-19 жас аралығындағы талантты балғындар ɵнер кɵрсеткен сайыста Теректi ауданының ɵнерпаздары да бақтарын сынады.
Бүлдiршiндердiң ұлттық сана-сезiмiн оятып, бойына халықтық педагогиканың ғасырлар бойы қалыптасқан тəлiм-тəрбиесiн, салт-дəстүрi мен үлгi-ɵнегесiн сiңiру, шығармашылық қабiлетiн ояту, дамытуға жол ашу мақсатында алматылық «Жетi ɵнер» шығармашылық орталығы ұйымдастырған ɵнер додасында «Академиялық əн салу» жанры бойынша алғашқылардың бiрi болып ɵнер кɵрсеткен аудандық №2 саз мектебiнiң шəкiртi Əйгерiм Əмiрханова I дəрежелi лауреат атанды ( жетекшiсi — Тiлекшi Бектұрғанова).
«Аспапта ойнау» жанрында домбырамен қазақтың күйлерiн күмбiрлеткен Айқын Əдiлұлы мен Зияда Хайруллина бас жүлденi иеленiп, Алматы қаласында ɵтетiн республикалық кезеңге жолдама алды. Бұл жанрда талантын дəлелдеген Арина Самигуллина I дəрежелi лауреат атағына ие болды (жетекшiсi — Айдана Насырова).
Оқушыларды сайысқа дайындаған қос жетекшi «Шығармашыл педагог» номинациясы бойынша алғысхатпен марапатталды.

Аягɵз АЙТҚАЛИЕВА