9.07.2019, 13:10
Қараулар: 906
ҰЛТТЫҚ СПОРТ — АҚЖАЙЫҚ ТӨРІНДЕ

ҰЛТТЫҚ СПОРТ — АҚЖАЙЫҚ ТӨРІНДЕ

Ақжайық ауылдық округінде «Nur Otan» партиясының 20 жылдығына орай және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында ұлттық спорттық ойындардан сайыс өтті.

Шараның ашылу салтанатында  «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрхат Жанбоз және Ақжайық ауылдық округінің әкімі Болат Қадралиев қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу, отансүйгіштік қасиеттерін арттыру, жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану және бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылған шарада Абай елді мекені мен Ақжайық ауылының тұрғындары қазақ күресі, тоғызқұмалақ және асық атудан сынға түсті.

Қазақ күресінде жауырыны жер иіскемеген ақжайықтық балуан Дамир Мырзағалиев І орын, Абай ауылының намысын қорғаған Берікқали Құрманалиев ІІ орын, ал Замир Ермекқалиев (Ақжайық ауылы) ІІІ орын алды. Тоғызқұмалақтан белсенді ойыншы Айбану Бисенғалиева І орынды иеленсе, Ақсәуле Айдынгарина (Абай) ІІ орын тұғырынан көрінді. Тыныштығали Едгин есімді жігіт қыздарға жол беріп, ІІІ орын алды. Қызықты да тартысты өткен асық атуда «Айгөлек» балабақшасының қызметкері Орынай Боранғалиеваның айы оңынан туып, І орынды иеленді. Нұрхан Қуанғалиев пен Мұхит Саримов есімді қос жігіт екінші және үшінші орындарды бөлісті.

Шара соңында жеңіске жеткен жеңімпаздар «Nur Otan» партиясы атынан бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.

Ернұр БЕЙБІТОВ,

облыстық «Өрімтал» жас тілшілер фестивалінің жүлдегері,

жас тілші

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар