9.07.2019, 12:56
Қараулар: 67
ҰРПАҚТЫҢ ҰРАНЫНДАЙ НҰР-СҰЛТАН

ҰРПАҚТЫҢ ҰРАНЫНДАЙ НҰР-СҰЛТАН

 

 

 

 

 

 

 

 

Елордам!

Арман қалам биіктеген,

Жырымды арнап саған, үйіп төгем.

Жиырма бір жасқа толған ер жігіттей,

Жетілдің көк аспанға тиіп төбең.

—— —- —- — —— — —- —- — — — — —

Алты Алаш атырабым төсіңде өскен,

Қласың қақ ортаңды Есіл кескен.

Бастаған болашшаққа беделің бар,

Нұр-Сұлтан!

Қазақ сенің көшің ілескен.

—— — — — — — — —  — — — — — — — — — — — — — —

Үйрілер қуаныштан жас жанарға,

Елордам бағындырар асқар алда.

Жиырма бір жыл ел жүрегін елжіретіп,

Салынды ұқсамай ол басқаларға.

—— — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — —

Келешек пен Нұр-Сұлтанды егіз дер ем,

Нар халқымды теңедім теңізге мен.

Елордам бірлігімнің таңбасындай,

Қаһарман қазағымды негіздеген.

— — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — —

Нұр-Сұлтан!

Болашаққа бастама ғой,

Нұрсұлтан бар қазаққа тастаған ой.

Ұрпақтың ұранына айналатын,

Алты Алаш аймалаған жас қала ғой!

 

Айбек ӘБІЛҚАЛЫМ,

«Ғазал» жас ақындар клубының мүшесі

Ақжайық ауылы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар