9.07.2019, 12:49
Қараулар: 599
Жәрмеңкенің жақсылығы көп

Жәрмеңкенің жақсылығы көп

Елордамыздың туған күнiне орай Подстепный ауылдық округінде ауылшаруашылық ɵнiмдерiнен жəрмеңке ұйымдастырылды.

Жəрмеңкеде «Жасыл желек» ЖШС, «Шайхиев М.Б» ЖК, «Теректi май комбинаты» ЖШС жəне жеке тұлғалар ɵз ɵнiмдерiн тұрғындарға арзан бағада сатты.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Айнұр Лұқпанованың айтуынша, Подстепный ауылының  тұрғындары  үшін сағат 8:00-де жұмысын бастаған жәрмеңкеде 36000 дана жұмыртқа, 6,7 тонна картоп, 0,4 тонна қырыққабат, 0,7 тонна сәбіз, 0,8 тонна пияз, сүт өнімдері мен жеміс-жидектер сатылған.

Бұл жәрмеңкеде тауарлардың бағасы нарықтағы бағалардан 15-20 пайызға төмен болды.

  Аягөз АЙТҚАЛИЕВА