9.07.2019, 12:41
Қараулар: 586
ӘУЕСҚОЙ СПОРТШЫЛАР САЙЫСЫ

ӘУЕСҚОЙ СПОРТШЫЛАР САЙЫСЫ

Бас қаламыздың туған күніне орай орталық стадионда спорттық шара өтті.

 

 

 

 

 

 

 

Шарада теректіліктер асық ату,100 метрге жүгіруден сайысса, 2009-2011 жылғы жасөспірімдер шағын футбол мен көңілді сөре ойындарын ойнады.

Ең алдымен, стадионға жиылған тұрғындар жаттығу жасап, жарысқа дайындалды. Аудан әкімі Әділ Жоламанов, аудан әкімінің орынбасары Махамбет Батырғалиев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Жаннұр Ахметов, Федоров ауылдық округінің әкімі  Болатбек Тілегенов, жастар ресурстық орталығының басшысы Нұрсәуле Аткеева, басқа да бөлім басшылары мен мекеме қызметкерлері алаңда бой көрсетті.

Екі сағатқа созылған сайыс нәтижесінде асық атудан Федоров ауылдық округі әкімінің көмекшісі Қайрат Жұмақаев І орын тұғырынан көрінсе, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қызметкері Сарсек Сапаров ІІ орын иегері атанды. Дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің әдіскері Өтеген Мүбарак ІІІ орынды қанжығасына байлады. Шағын футболға қатысқан жасөспірімдер арасында балалар-жасөспірім спорт мектебінің екі командасы І,ІІ орынды бөлісіп алды. 100 метрге жүгірген әйелдер арасында мәреге 15 секундта жеткен аудандық білім беру бөлімі басшысының орынбасары Эльмира Сисенбаева І орын, аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қызметкері Юлия Туралиева ІІ орын алды. Ерлер арасында мәреге 13 секундта жеткен аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қызметкер Жасұлан Мұхамбетов І орын, 2 секундтқа кешіккен Өтеген Мүбарак ІІ орынды иеленді. Көңілді сөреде «Теректі» тобы «Барыс» тобын 5:2 ұпайымен жеңді.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар