9.07.2019, 12:32
Қараулар: 964
«АСҚАҚТАЙ БЕР, НҰР-СҰЛТАН!»

«АСҚАҚТАЙ БЕР, НҰР-СҰЛТАН!»

Дәл осындай атаумен аудандық мәдениет салтанатты шара өтті.
Мерекелік жиында аудан әкімі Әділ Жоламанов теректіліктерді айтулы күнмен құттықтады.

Шарада Ақжайық ауылдық округі ардагерлер кеңесінің мүшесі, зейнеткер Салауат Нарышев, аудандық қазынашылық басқармасының басшысы Ұлан Сайтмұхаев, аудандық орталықтандырылған аурухананың директоры Зейіл Мағзомов, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Сұңғат Есенғалиев, Долин ауылдық округінің әкімі Талғат Манатауов, «Жангалиев» шаруа қожалығының басшысы Мербулат Жанғалиев (Федоров ауылдық округі), Покатилов ауылдық мәдениет үйінің директоры Николай Сунцов, Пойма бастауыш мектебінің меңгерушісі Жанар Айтқалиева, Приречный жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Жоныс Бакисов, аудандық мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының басшысы Роман Есеналиев, Новопавлов ауылдық округіндегі жұмыспен қамту орталығының ассистенті Айнагүл Абусихова және Богданов ауылдық округіндегі «Арай» шаруа қожалығының аспазшысы Бибігүл Хаймулдина аудан әкімі Әділ Тауфикұлының атынан алғысхатпен марапатталды.

Марапаттау рәсімі біткен соң, мәдениет үйінің өнерпаздары: Жеңіс Қайыров пен Дәурен Жұмағалиев «Еділ мен Жайық» әнімен сахнаның шымылдығын ашты.  Халықаралық, республикалық байқауларда ауданымыздың намысын қорғап жүрген «Жұлдыз» үлгілі би ансамблінің үлкен және кіші топтары (жетекшісі – Жанар Тайшыбаева) «Бұрымды арулар», «Сырнай сазы» билерін мың бұрала биледі. Айбек Дәулетқалиев, Кәмшат Қадырғалиева, Жақсылық Имашев, Тілекші Бектұрғанова, Қайрат Сағидуллин, республикалық, облыстық сайыстардың лауреаты «Өркен» үлгілі балалар вокалдық ансамблі (жетекшісі – Гүлназ Құсайынова), Мадина Қабиева, Сағидолла Изделеев әсем әндерді әуелетіп, көрерменнің көңілін көтерді.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар