9.07.2019, 11:24
Қараулар: 39
Әкім болуға ұсынылды

Әкім болуға ұсынылды

Ауданның Шаған және Новопавлов ауылдық округтерінде   31 шілде күні аудандық мәслихат депутаттарының дауыс беруімен әкім сайланады.

 

 

 

 

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудан әкімі Әділ Жоламанов сол округтердің әкімі лауазымына үміткерлер ұсынып,  қоғамдастықпен келісімге салды.

Шаған округінің орталығы – Жаңа Өмір ауылындағы жиында әкім қызметіне көршілес Ұзынкөл округінің әкімі Мақсот Мұрзақаев, мемлекеттік қызметкерлер,  жергілікті кадрлар – Азамат Нарымов пен Ирина Оболевич ұсынылды. Халық тарапынан аттары аталған Марат Ғайнуллин, Серік Көшқалиев деген азаматтар кандидатурасын ұсынудан бірден бас тартты.

Новопавловка ауылында жергілікті мектептің мұғалімі Арсен Жанғалиев, жас мемлекеттік қызметкерлер – Ақжайық ауылдық округінің бас маманы Темірлан Түркеев пен Федоров ауылдық округі әкімінің көмекшісі Қайрат Жұмақаев ұсынылып, қоғамдастық қолдауын алды.

16 шілдеге дейінгі мерзімде аталған  алты кандитат тіркеуден өтіп, сайлауға түседі.

Камелия ӨТЕУ

 

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар