9.07.2019, 11:11
Қараулар: 868
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ІСІ ТОЛҒАНДЫРАДЫ

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ІСІ ТОЛҒАНДЫРАДЫ

Аудан əкiмдiгiнiң кiшi мəжiлiс залында аудан əкiмiнiң орынбасары Махамбет Батырғалиевтiң тɵрағалығымен кəмелетке толмағандардың iстерi жəне олардың құқықтарын қорғау жɵнiндегi комиссия отырысы ɵттi.

Жиында аудандық iшкi саясат бɵлiмiнiң бас маманы Азамат Құспанов кəмелетке толмағандар арасында дiни экстремизм мен терроризмнiң алдын алуға бағытталған шаралар жɵнiнде баяндады. Азамат Ерқуатұлының айтуынша, аудандағы экстремизм мен терроризмге қарсы ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері жыл басынан бері кәмелетке толмаған мектеп оқушыларымен 6 кездесу ұйымдастырып, 370 оқушыға дәріс оқыған. Аудандық бiлiм беру бɵлiмiнiң басшысы Жанаргүл Хусаинова жазғы демалыс кезiнде балалардың бос уақытын ұйымдастыру туралы мəлiмет бердi.

— Биыл ауданымызда 1 маусымынан бастап 34 мектеп жанындағы жазғы демалыс лагерьлері 1 мезгілдік тамақтандырумен, 15 лагерь  профильдік бағытта және 1 шатырлы лагерь ашылды. Мектеп жанындағы және қала сыртындағы жазғы демалыспен барлығы 5760  оқушыны қамту жоспарланды. Балаларды сауықтыруға жалпы 11649,0 мың тенге бөлінді. Оқушыларды жүзуге үйрету мақсатында  2018 жылы екі қанқалы бассейн сатып алдық. Бұл жобаны жүзуге асыру үшін 1 млн. 429 мың тенге қаражат бөлінді. Жайдары жазда әр оқушының демалысын жақсы өткізу мақсатында балалар шығармашылық үйі түрлі экскурсия, 1-2 күндік жорықтар ұйымдастырады. 19-30 шілде аралығында Түркістан облысындағы Төле би ауданына 50 оқушыны «Біркөлік шатқалы» жазғы лагеріне апарамыз.  Шілде айында «Отанымыздың елордасы – Нұр-Сұлтанмен танысамыз» атты өлкетану жобасына туристік экскурсияға Нұр-Сұлтан қаласына үш күндік экскурсияға ауданымыздан 30 оқушыны апару жоспарлануда. Италияға демеушілік қаражат есебінен аз қамтылған және толық емес жанұялардан 2 оқушы демалуға барады, — деді Жанаргүл Жеңісқызы.

Баяндамашылардың баяндамасын тыңдаған соң, комиссия мүшелері Шағатай ауылдық округінің тұрғыны Ш. есімді кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімнің ісін қарады. Орал политехникалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Наталья Запраметова 2 айлық өндірістік тәжірибеге келмеген студенттің оқу үлгерімін айтты. Комиссия мүшелерінің барлық сұрағына жауап беріп, пікірлерін тыңдаған Ш. ұстаздарының айтқанын тыңдап, өндірістік тәжірибесінің әр күнін толық өтеуге уәде берді.

Аягөз АЙТҚАЛИЕВА

 

 

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар