9.07.2019, 11:09
Қараулар: 37
ПОДСТЕПНЫЙДА КАРДИОЛОГИЯЛЫҚ  КАБИНЕТ АШЫЛДЫ

ПОДСТЕПНЫЙДА КАРДИОЛОГИЯЛЫҚ  КАБИНЕТ АШЫЛДЫ

Облыс орталығына жақын жатқан Подстепный ауылында жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларын анықтау, ем тағайындау  мақсатында кардиологиялық кабинет ашылды.

Білікті дәрігер- кардиолог Райхан Жошының өз бастамасымен ашылған кабинет күніне орта есеппен төрт адамды қабылдайды. Сонымен қатар, науқастарды ЭКГ-ға түсіріп, тіпті үйден түскен шақыртуларға да барады.

Райхан Бауыржанқызы теректіліктер үшін бөтен адам емес. Ол еңбек жолын аудандық орталық ауруханада бастаған. Одан  кейін Подстепный дәрігерлік амбулаториясында жалғастырған.

  • Бірнеше жылдан бері жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларының таралуы алдыңғы орынды бермей келе жатыр, өлім де көп. Ауыл тұрғындарына қалаға қатынау қиындық тудыратынын білемін. Подстепный ауылы тұрғындарынан бөлек, Жаңа Өмір, Барбастау, Юбилейный, Ұзынкөл, Социализм, Пойма, Магистральный, Әйтиев ауылдарынан да көптеген науқастар хабарласып,кеңес алу үшін, тексерілу үшін кезекке тұруда. Кардиологиялық кабинетті өз күшіммен ашып, өзім ішін жабдықтадым. Халыққа сапалы қызмет ету үшін тырысудамын,-дейді Райхан дәрігер.

Айта кету керек, кабинет Подстепный ауылындағы,  «Мәди» сауда үйінің екінші қабатында орналасқан.

 

Әділет ОРЫНБАСАРОВ