9.07.2019, 11:02
Қараулар: 68
ТЕРЕКТІЛІК ЕГІЗДЕР ТАШКЕНТТЕ ТОП ЖАРДЫ

ТЕРЕКТІЛІК ЕГІЗДЕР ТАШКЕНТТЕ ТОП ЖАРДЫ

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында халықаралық «Toshkenthi sevamiz» атты өнер байқауының жеңімпаздары анықталды.

Халықаралық деңгейдегі додада облыс намысын теректілік Сұлтан және Бейбарыс Ғарифуллиевтер қорғап, І орынды жеңіп алды. Ән додасына Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және еліміздің өзге қалаларынан жас таланттар қатысқан. Дегенмен, теректілік егіздердің бағы жанып, байқаудың жеңімпаздары атанып отыр.
-Қарсыластар өте мықты болды. Әсіресе, Ресей Федерациясынан келген үміткерлердің дайындықтары өте жақсы. Бірақ біздер де аталмыш байқауға жеңеміз деп бардық. Сол мақсат орындалды. Бізді қолдаған, егіздердің жол шығынан түгелдей көтерген кәсіпкер Сержан Идиятовқа алғысымыз шексіз. Сержан ағамыз Сұлтан және Бейбарыспен әрдайым байланыста. Ағалық қамқорлығын жасап келеді,-дейді өз сөзінде талантты егіздердің әкесі Замир Қабиев.
Өнер додасы екі күнге созылған. Алғашқы турда егіздер итальян тілінде ән шырқаса, екінші кезеңде «Батырлар ұранын» әуелетеп, қазылар алқасын таң-тамаша еткен. Байқауды ұйымдастырушылар демеуші болған кәсіпкер Сержан Идиятовқа, байқауға дайындаған әнші, ұстаз Таңат Жексенбаевқа және аудандық №2 саз мектебінің директоры Айдана Давлетоваға Алғыс хат жолдаған.

Әділет ӘЛІБЕКҰЛЫ