9.07.2019, 10:57
Қараулар: 36
БОЗОҚТЫҢ МҰРАГЕРІ

БОЗОҚТЫҢ МҰРАГЕРІ

Беу, Елорда!

Сылқымдайын сыланған,

Тек өзіңде тоғысқандай мың арман.

Бір ғасырға татитұғын тарихын,

Жиырма жылға сыйғыздырып тұра алған.

— — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — —

Сенде туған бұрымды һәм ұл қандай?

Айтылмаған,

Шертілмеген сыр бардай.

Сан алуан мәдениет пен дәстүрлер,

Жас қалада сабақтасып тұрғандай!

— — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — —

Пай, пай қала!

Тыныштықты тербеген,

Алты Алаштың абыройын бермеген.

Рухани жаңғырудың бүгінде,

Алтындайын ошағысың сен деген.

— — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — —

Жиырма жаста тұғырыңа қонған  ең,

Сегізінші кереметсің – ол дәлел.

Саған қарап оянады «ұйқыдан»,

Рухы жасып,

Көңіл күпті болған ел.

— —- — — — — — — — — — — — — — — — — — — —

Жырым мендік махаббатпен жалғансын,

Сенде туып,

Өмір сүру – арман шын.

Қараөткел. Ақмоланың ізімен,

«Қарт»  Бозоқтан мұрагер боп қалғансың.

—— — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — —

Ертегі-әлем.

Айтпадым-ау аз үлгі.

Елбасының сөзі енді әзір-ді.

«Сен арқылы ұлттық тарих мәтіні,

Жаңасынан жазылды».

—— — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — —

Таңдарыма мың шүкірлік әр атқан,

(Шүкіршілік етуге әркез талаптан)

Жиырма жаста әлем саған бас иді,

Мың жасауға нәсіп етсін Жаратқан!

 

 

Әділет ОРЫНБАСАРОВ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар