4.07.2019, 13:12
Қараулар: 848
ЖҰМЫС ТОБЫ —  ТЕРЕКТІДЕ

ЖҰМЫС ТОБЫ —  ТЕРЕКТІДЕ

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында бірыңғай жиынтық төлем бойынша облыс орталығы Орал қаласынан келген ақпараттық-түсіндіру тобының қатысуымен жиын өтті.

Басқосуға Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Самат Хангереев, БҚО бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары Жеңіс Беріков, Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары бөлімінің бас маманы Жоламан Ғалиуллин, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ БҚО бойынша филиалының директоры Вячеслав Кожевников, ауданы әкімінің орынбасары Махамбет Батырғалиев, ауылдық округ әкімдері, аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары қатысты.

Жиында сөз алған облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Самат Хангереев жұмыс тобының осы кезге дейін атқарған істері жөнінде айтып өтті. Сөз арасында Самат Нағымұлы Теректі ауданында 9928 адамның ішінен 45-і бірыңғай жиынтық төлем төлеп отырғанын, үлкен округ үшін бұл көрсеткіштің өте аз екенін айтып өтті.

Облыстықтық еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары Жеңіс Беріков тұрғындарды жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау көрсету, жұмыскерлердің құжаттарын қадағалау, құқығын қорғау қызметтерінің үнемі бақылауда екенін баяндады.

Жиынға қатысушылар салық, зейнетақы,  атаулы әлеуметтік көмек беруде кездескен қиындықтар жайында сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.

 

Аягөз АЙТҚАЛИЕВА

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар