4.07.2019, 13:10
Қараулар: 857
Қасым-Жомарт Тоқаев – Қазақстан Республикасының Президенті

Қасым-Жомарт Тоқаев – Қазақстан Республикасының Президенті

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ресми түрде Қазақстанның Президенті болды. Мемлекет басшысы тоғызыншы маусым күні өткен президенттік сайлауда дауыс берушілердің 70,96% даусын жинап, жеңіске жеткен болатын.

Нұр-Сұлтан қаласында халық таңдаған жаңа Президентті ұлықтау рәсімі өтті.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн» , — деп ант берді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Орталық сайлау комиссиясының басшысы Берік Имашев Тоқаевқа президент куәлігін табыстады.

 

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар