3.07.2019, 10:27
Қараулар: 43
Құрылыс қарқынын арттыруды тапсырды

Құрылыс қарқынын арттыруды тапсырды

Теректі ауданында жұмыс сапарымен болған облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев бірқатар нысандардың құрылыс барысымен танысты.

Өңір басшысының орынбасарымен аудан әкімі Әділ Жоламанов бірге жүріп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге келген жұмыс сапарында берген тапсырмасына сәйкес жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстарының барысын тексерді.

Алдымен  Ақсуат ауылына баратын, ұзындығы 2,4 км болатын жолдың күрделі жөндеу жұмыстарымен танысқан Бағдат Азбаев екі бірдей аудан  орталығын қосатын Федоровка-Ақсай тас жолының 28 км. бөлігіне жүргізіліп жатырған  орташа жөндеуді өз көзімен көрді.

Сонымен қатар мемлекеттік «Ақбұлақ» бағдарламасы арқылы су құбыры тартылып жатырған  Богдановка және Приречный ауылдарында болды. Жолай Алғабас ауылында құрылысы басталған инвестициялық нысан – мұнай өңдеу зауытының алаңында жүріп жатқан жұмыстармен танысты.

Б.Азбаев құрылысқа қолайлы мезгілді пайдаланып жұмыс қарқынын арттыруды және сапаға мән беруді тапсырды.

Айта кетерім, Ақсуат ауылының тұрғындары ауылға кірер жолды жөндеу басталғанына қуанышты. Мамырда жұмысқа кіріскен мердігер «Тоби» ЖШС алты ай ішінде жол жөндеуді аяқтаймыз деп отыр. Ендеше, биылғы күзде жол азабын көрмейміз.

 

Азета Мусина,

газеттің штаттан тыс тілшісі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар