2.07.2019, 12:20
Қараулар: 56
Асқар — 137 балл иегері

Асқар — 137 балл иегері

Биыл ауданымызда 331 оқушы алтын ұясымен қоштасты. Қазақ мектебін бітірген түлектер саны – 259, орыс тілінде білім нәрімен сусындағандар — 72. Мемлекеттік емтихан қорытындысы бойынша 41 оқушы «Алтын белгі», 23 шәкірт «Ерекше аттестат» алды. Он бір жыл бойы мектеп қабырғасында білім алған теректілік оқушылар 24 маусымда ұлттық бірыңғай тест тапсырып, білімдерінің дәрежесін анықтады.

ҰБТ-ға ауданымыздан 244 оқушы қатысқан болатын. Орташа балл — 82 балл (шығармашылықсыз — 86).  88 түлек 100-ден жоғары балл жинаған. Сынақ нәтижесінде Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясының түлегі, «Алтын белгі» иегері Асқар Сайын 137 баллды қанжығасына байлады. Гимназия табалдырығын 2014 жылы аттаған Асқар таңдаған пәндері математика мен географиядан — 40, оқу сауаттылығынан — 19, математикалық сауаттылықтан – 18, Қазақстан тарихынан 20 балл жинады.

Облыс бойынша ең жоғары баллға қол жеткізген Асқар Ғұсманұлы болашақта білікті қаржыгер болуды армандайды.

Аягөз АЙБАРҚЫЗЫ