2.07.2019, 12:10
Қараулар: 825
АРЫСПЕН БІРГЕМІЗ!

АРЫСПЕН БІРГЕМІЗ!

Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімінің қоймасындағы жойқын жарылыс күллі қазақстандықтарды есеңгіретіп тастады.

Жарылыс кезінде Арыс қаласының тұрғындары бас сауғалап жақын жатқан ел-мекендерге қашып, жедел жеткен көмектің арқасында облыс орталығына жеткізілген –тұғын. Бұл жағдай бірлігіміздің һәм татулығымыздың үлгісін көрсетіп бергендей болды. Арыстағы ағайынға дүйім Қазақстан қол ұшын созды. Біреу заттай, біреу қаржылай жәрдемдесіп, мейірім шуағын септі.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы жарылыстан жапа шеккендердің қайғысына ортақтасып, бір күндік жалақысын арнайы қорға аударды.

Теректіліктер де көмек қолын созудан қалыс қалмады. Аудан орталығы саналатын Федоров ауылдық округі әкімдігі 50 мың теңге «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына аударса, аудан жастары азық-түлік сатып алып, оны облыс орталығындағы штабқа апарып тапсырды.

«Теректі жаңалығы-Теректинская новь» қоғамдық-саяси газетінің ұжымы бір күндік еңбекақыларын аударып, Арыстағы ағайынға көмек көрсетті.

Әділет ОРЫНБАСАРҰЛЫ