2.07.2019, 11:57
Қараулар: 515
«Ақ отау» әнге салғанда!

«Ақ отау» әнге салғанда!

 Ұлттық салт – дәстүрлерімізді, қара  өлең мен халық әндерін жас буынның санасына сіңіруді өзіне мақсат етіп қойған , өз қоржындарына   ұмыт  болып жатқан әндерді жаңаша тұрғыда орындап, өткенің өнегесіндей бола алған халықтық «Ақ отау» әжелер ансамблі ауданымыздың мәдениет саласының дамуына зор үлестерін қосып  жүр.

Егде жастағы өнер ұжымдардың шеберлігін арттыру, шығармашылықтарын  насихаттау мақсатында  Орал қаласында өткен    еңбек ардагерлері мен зейнеткерлер арасындағы «Қаһарман  ардагерлер» атты облыстық шығармашылық байқауына Теректі ауданының намысын қорғауға Ақсоғым ауылдық клубынын  жаныңдағы «Ақ отау»  халықтық  үлгілі  әжелер ансамблі барған болатын.

Аталмыш өнер додасында  Ақсоғым ауылдық клубының меңгерушісі  Алмаш Арстанова жетекшілік ететін халықтық «Ақ отау» ансамблі 13  вокалдық топтар арасында  өнер көрсетіп,  іріктеу кезеңінен өтіп, ІІІ дәрежелі дипломмен мараппаталды.

 

Айгүл Қайрова,

аудандық мәдени-демалыс орталығының  әдістемелік бөлімі меңгерушісі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар