2.07.2019, 11:43
Қараулар: 502
АТЫРАУДАН — ЖҮЛДЕМЕН

АТЫРАУДАН — ЖҮЛДЕМЕН

Атырау облысының Құлсары қаласында жастар жылы аясында қыздар арасында волейболдан «Батыс аймағының кубогi — 2019» атты облыстық ашық турнир ɵттi.

Турнирге Ақтау,  Ақтөбе,  Қызылорда,  Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының əр аудандарынан   құрама командалар қатысты.

БҚО құрамасының қатарында ауданымыздағы əуесқой спортшылары Айдана Нұрмұхаева мен Лаура Есенжанова болып, жеңiс жолында намысқа тырысты.

Додада Құлсары командасы I орын алып, 300 мың теңгенi иеменсе, БҚО құрамасы II орынға ие болып, 200 мың теңгенi қанжығаларына байлады. Ал Жылой ауданының ойыншылары III орынды мiсе тұтып, 100 мың теңге алды.

Аягɵз АЙТҚАЛИЕВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар