2.07.2019, 11:41
Қараулар: 38
Қазақ пен домбыра  — егіз ұғым

Қазақ пен домбыра  — егіз ұғым

Домбыра – қазақтың киесі, қасиеті, қазынасы. Қазақтың қара домбырасының үні ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан ұлтымыздың рухани құндылығы. Күні кешеге дейін әр үйдің төрінде ілулі тұратын ұлттық аспабымыздың күмбірлеген үні бүгінде алыстап бара жатқандай.

Тұңғыш Президент  Н.Ә. Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында  Ұлттық домбыра күнін атап өту мақсатында   Ақжайық ауылдық мәдениет үйі мен Ақжайық саз мектебі жанынан құралған «Ақжайық әуені» домбыра ансамблі «ДОМБЫРА-ДАСТАН» акциясымен ауылда орналасқан мекемелерге  дәстүрлі ән, күй тарту етті. Теректі аудандық ауруханасына келіп, медицина қызметкерлері мен  жандарына шипа іздеген ауыл тұрғындарына  ата-бабадан қалған асыл өнерді насихаттап,  тамаш ән – күйлермен әрлеген сазды бағдарламасын ұсынды.

 

С. Аденова

 Теректі аудандық №2  ауруханасы директорының  емдеу ісі жөніндегі орынбасары

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар