2.07.2019, 11:26
Қараулар: 528
ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудан әкімінің 2019 жылғы 1 шілдедегі өкімімен Ахметов Жаннұр Бекбауұлы Теректі ауданының ішкі саясат  бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Ахметов Жаннұр Бекбауұлы 1986 жылы 20 ақпанда дүниеге келген.
Жоғары білімді, 2010ж. Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «қаржы», 2018ж. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2006-2007  жж. «Батыс Арна» ЖШС менеджері қызметінен бастады.

2007-2008 жж. — Казталовка ауданы ЖҚБ-нің  төрағасы болып қызмет атқарды.
2008-2011жж. — «Стройинвест АБЕ» ЖШС директорының орынбасары;
2011-2012жж. — Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу институтында директордың орынбасары;
2012-2013жж. — Ақжайық ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастыру бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы, Орал қаласы әкімінің аппаратының құжатнамалық қамтамасыз ету және қаржылық шаруашылық жұмыс бөлімінің бас маманы;
2013-2016 жж. — Ақтау қаласы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің бас маманы, Зашаған кенті әкімі аппаратының абаттандыру бөлімінің басшысы;
2016-2017жж — Тасқала ауылдық округі әкімінің орынбасары

2017-2019 жж.- Тасқала ауылдық округі әкімі

2019 жылдың наурыз-маусым аралығында Теректі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

2019 жылдың 1 шілдесінен бастап аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Жаңа басшыны бөлім ұжымына аудан әкімі Әділ Жоламанов таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар