2.07.2019, 11:22
Қараулар: 774
Төртінші билікке құрмет

Төртінші билікке құрмет

Аудан әкімі Әділ Жоламанов «Теректі жаңалығы-Теректинская новь» қоғамдық -саяси газетінің ұжымын төл мерекелерімен құттықтады.

-«Газет-халықтың тілі, көзі һәм құлағы» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, әрдайым елдің арасында жүріп, қарапайым халық пен жергілікті биліктің ортасында көпір атанатын сіздердің орындарыңыз ерекше. Ауданымыздың айнасы іспетті 80 жылдан астам тарихы бар «Теректі жаңалығы» газеті жерлестерімізді өзекті мақалаларымен сусындатып келеді. Бұл-ұжымның еңбегі. Төл мерекелеріңізбен құттықтап, еселі еңбектеріңіз еленсін деп тілек айтқым келеді,-деді өз сөзінде аудан әкімі Әділ Тауфиқұлы.

Газет редакторы Нұрзия Сисенбаева журналистерге назарын аударып, әрдайым қолдап отыратын аудан басшысына өз алғысын білдірді.

Аудан әкімі Әділ Жоламанов теректілік журналистерге Өмірзақ Озғанбай мен Көпболсын Бекмағанбеттің «Бата дарып, бақ қонсын» атты кітабын сый ретінде ұсынды.


Журналистер күніне орай «Теректі жаңалығының» ұжымы көп жылдар бойы аудандық газеттің өсуіне үлес қосып, сапалы әрі өнімді қызмет атқарған, бүгінгі таңда құрметті еңбек демалысына шыққан Людмила Мурашкинцеваны мерекемен құттықтады.
Басылым редакторы Нұрзия Сисенбаева газеттің ардагеріне мықты денсаулық тілеп, естелік сый табыстады.


Теректі аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Эрик Чигереев теректілік журналистерге БҚО Полиция департаменті бастығы, полиция генерал-майоры М.Аблазимовтың Алғыс хатын табыстады.

Сонымен қатар, облыстық халық шығармашылық орталығының директоры Мәулет Жұбатовқа, редакцияға арнайы келіп, газет ұжымына ізгі тілегін білдірген аудандық қазынашылық басқармасының басшысы Ұлан Сайтмухаевқа және аудандық орталық аурухана директоры Зейл Жөкенұлына алғысымызды білдіреміз.

 

Әділет ӘЛІБЕК

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар